Шілдеде экспортталатын тауарлар бағасы 1,5 пайызға төмендеді - Статистика
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 1,5 %-ға төмендеді, ал импортталатын тауарларға - 2,4%-ға жоғарылады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Экспорттық жеткізілімдерге бір айға бағаның темір кендеріне - 10,3%, көмірге - 9,9%, мырышқа - 4,9%, табиғи газға - 4,6%, ферроқорытпаларға - 2,7%, мысқа - 1,3%, қорғасынға - 1,1%, мұнай өнімдеріне - 1%-ға төмендеуі, олардың газ конденсатына - 29,8%, қара металдан жасалған бұйымдарға - 1,6%, сұйытылған пропанға - 0,9%-ға жоғарылауы белгіленді. Баға бидайға - 4,1%, мақтаға - 1,1%-ға төмендеді, темекіге - 5,6%, жүнге - 0,3%-ға жоғарылады.
Импорттық түсімдерден күріш - 16,3%, кофе - 12,6%, дәрі-дәрмектер - 7,4%, шұжық өнімдері - 5,9%, құс еті - 2,5%, сүт өнімдері - 1,7%, маргарин - 1%-ға қымбаттады. Балық - 10,9%, шай - 8,6%, өсімдік майы - 4,6%, макарон өнімдері - 3,9%, қант - 3%-ға арзандады.