19:48, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Шілдеде еліміздегі тұрғын үй бағасының өсуі байқалды - Статистика
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен шілде айында тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,4 пайызға, көркейтілген және көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату - 1,1 пайызға өскен. Сонымен қатар, көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру бағасы да 0,9 пайызға өсті.
Атап айтқанда, тұрғын үй нарығында шілде айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы олардың шаршы метріне 165 223 теңгені құраған. Ал көркейтілген тұрғын үйлерді алып сатудың шаршы метрі 122 049 теңгені құраса, одан төменгі санаттағы тұрғын үй бағалары шаршы метріне 71 463 теңгені құраған.