Шілдеде халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 39364 теңгені құрады - Статистика агенттігі

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Шілдеде халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 39364 теңгені құрады. Бұл туралы бүгін елордада еліміздің ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

«Шілдеде халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 39364 теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстыратын болсақ, атаулы ақшалай табыстар 12,6 пайызға, ал нақты ақшалай табыстар 5,5 пайызға өсті», деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар агенттік төрағасының атап өтуінше, шілде айында қызметкерлерге есептелінген орташа жалақы 82282 теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға өскендігін көрсетеді. Ал нақты жалақы индексі 10,6 пайызға тең.

Соңғы жаңалықтар