Шілдеде қант бағасы 65 пайызға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,9 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шілдеде қант бағасы 65 пайызға өсті

Сонымен, қант бағасы 65,4 пайызға, жармаларға - 40,4 пайызға, кофе, шай және какаоға - 31,3 пайыз, май және тоң майға - 28,6 пайыз, нанға - 27,1 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 22,4 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 21,5 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 20,7 пайыз деңгейінде , тоқаш және ұн өнімдеріне - 17,3 пайызға,  сондай-ақ макарон өнімдеріне - 16,7 пайызға, ұнға - 12,4 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 11,8 пайызға, сүт өнімдеріне - 8,3 пайызға жоғарылады.

«Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 6,3 пайызды құрады. Құс етіне баға деңгейі 16,1 пайызға, шұжық өнімдеріне - 8,9 пайызға, сиыр етіне - 4,4 пайызға, шошқа етіне - 2,8 пайыз деңгейінде, қой етіне - 2,3 пайыз, жылқы етіне - 1,5 пайызға жоғары болды»,-делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетейік, тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады.