Шілдедегі инфляция 0,3 пайызды құрады

Агенттік мәліметіне қарағанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,1 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,9 пайызға өсті, ал азық-түлік емес тауарларына 0,1 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, өткен айда бағаның төмендеуі жұмыртқаға 3,9 пайызды, жармаларға - 3, қантқа - 1,1 пайыз, жаңа жиналған көкөністерге - 0,8 пайыз, күнбағыс майына - 0,5 пайыз, күрішке 0,4 пайызға тіркелді. Бұдан бөлек, бағаның картопқа 2,6 пайыз, жаңа жиналған жемістерге - 0,6 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге - 0,4 пайызға, ет, балық және теңіз өнімдеріне, алкогольсіз сусындар мен алкогольдік ішімдіктерге - 0,3 пайыздан, макарон өнімдеріне 0,2 пайызға жоғарылауы белгіленді.
Ал тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуге арналған материалдарға баға 1 пайыз, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,4 пайыз, үй тұрмысына қажетті заттарға - 0,3 пайыз, киім және аяқ киім, кітаптар, газеттер мен журналдарға 0,2 пайыздан өскен. Дизель отыны 4,7 пайызға, бензин 3,1 пайыға арзандады.
Сонымен қатар, баға деңгейі көлік қызметтеріне 4,8 пайыз, денсаулық сақтау, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 0,5 пайыздан, демалыс, ойын-сауық және мәдениет, балабақша - 0,4 пайыздан, қонақ үй 0,3 пайызға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға, орталықтан жылытуға, тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,6 пайыз, ал ыстық суға 0,5 пайызға артты.