Шілденің 20-сынан бастап елордада жолаушылар көлігі қозғалысы жолбағыттары бірқатар уақытқа өзгереді

АСТАНА.  Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - Шілденің 20-сынан бастап   Бөгембай батыр даңғылы бойынша көлік құралдарының қозғалысы ішінара (жүру бөлігі бойынша) шектеледі,

Шілденің 20-сынан бастап елордада жолаушылар көлігі қозғалысы жолбағыттары бірқатар уақытқа өзгереді

деп хабарлайды Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Осыған байланысты уақытша осы даңғылдың Сарыарқа даңғылынан республика даңғылына дейінгі учаскесінде жолаушылар бағыттары қозғалысының  кестесі өзгертіледі.

№ 2, 106, 109, 116, 119 және 120 жолбағыттар Жеңіс даңғылы-Жангелдин көшесі-Республика даңғылы-Бөгембай батыр даңғылы бойынша, одан әрі бұрынғы кестемен.

№ 4, 16, 20, 36, 45 және  59 жолбағыттар Бөгембай батыр даңғылы бойынша өзгеріссіз, жолаушылар келесі көшелерден түсіріліп-мінгізіледі.

 № 8, 34 және 57 жолбағыттары Жеңіс даңғылы - Жангелдин көшесі бойымен, одан әрі бұрынғы кестемен.

№ 19, 27 және  122  жолбағыттар Бейбітшілік көшесі-Дүкенұлы (Дружба) көшесі-Республика даңғылы бойынша, одан әрі бұрынғы кестемен.

 № 117 жолбағыт - Республика даңғылы - Сейфулллин көшесі- Жеңіс даңғылы бойымен, одан әрі бұрынғы кестемен.

Шектелген учаскелерде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.