20:20, 22 Маусым 2010 | GMT +5
Шілденің 3-інде Астанада Сергей Безруковтың қатысуымен алғашқы сазды-поэтикалық спектакль өтеді
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Шілденің 3-і мен 4-інде қала күнін мерекелеу ауқымында түңғыш рет Қазақстанда, Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында актер Сергей Безруковтың қатысуымен «Бұзақы» атты сазды-поэтикалық спектакль болады. Бұл жөнінде Астана күнін ұйымдастыру комитеті хабарлады.

«Бұзақы» аталатын өзінің алғашқы сазды альбомын Ресей халық әртісі Сергей Безруков 2008 жылы сахнаға шығарған болатын. Дискіге Сергей Есениннің өлеңдеріне жазылған әндер мен музыкалық композициялар енгізілген, олар әйгілі «Есенин» сериалында орындалған жоқ.
Есенин өлеңдеріне музыканы Сергей Безруковтың өзі жазды. 1995 жылдан бергі уақыттарда актер ақын сөзіне арнап бірнеше музыка шығарды. Спектакльдің бірегейлігі, мұнда Сергей Есениннің шығармашылығы туралы жанрда, атап айтқанда: рок-композиция, танго, лирикалық баллада және балеттік монологтарда көрініс береді.
Билеттер құны бір жарым мыңнан он мың теңге аралығында.