Шымбұлақта аспалы жолдар іске қосылды

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында аспалы жолдар іске қосылды. Бұл туралы «Шымбұлақ» ТШК-ның баспасөз қызметі Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

шымбұлақ
Фото: Kazinform

«Достар, маусым алдындағы профилактика жұмыстары ойдағыдай өтті, сондықтан біз аспалы жолды қосуға дайынбыз», - деп хабарлады «Шымбұлақ» ТШК баспасөз қызметі.

ТШК-ның мәліметінше 1 қарашадан бастап аспалы жолдардың жұмыс кестесі мынадай болады: 

«Медеу-Шымбұлақ» 9:00-дан 18:00-ге дейін,
«Комби-1» 9:30-дан 17:00-ге дейін,
«Комби-2» 9:30-дан 16:30-ға дейін,
«ККД-4» 9:30-дан 17:30-ға дейін

Сондай-ақ «Шымбұлақ» ТШК ұжымы қазіргі уақытта Шымбұлақта мейрамханалар, кафелер мен ойын-сауықтар істеп тұрғанын, ал тауда сырғанау маусымы басталмағанын хабарлады. 

Еске салсақ, Шымбұлақ SKI BUSINESS AWARDS нұсқасы бойынша 2023 жылғы үздік тау шаңғысы курорты атанған болатын. Сонымен қатар өткен айда Шымбұлақты қар басып қалғанын және таудан тас құлауына байланысты Медеу-Шымбұлақ жолы жабылғанын хабарлағанбыз. 

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды
Ұқсас жаңалықтар

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды