Шымбұлақта аспалы жолдар уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Шымбұлақ» базалық станциясында орналасқан ашық арқан-кресло жолы жұмыс істемейді.

Шымбұлақ
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұл туралы «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі мәлім етті. 

– «Медеу – Шымбұлақ», «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары профилактикалық қызмет көрсетуге байланысты 2 маусымға дейін жабық. Бұдан бөлек, ертең базалық станциясында орналасқан ашық арқан-кресло жолы жұмыс істемейді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ертең, 24 мамыр күні таңғы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін курортқа баратын көлік жолы да жабылады.

Еске салайық, бұған дейін жазғы маусым алдында аспалы арқан жолдарға профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы жазғанбыз.

Осыған дейін «Медеу» мұз айдыны да жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жылға жабылатыны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар