Шымбұлақтан Oi-Qaragai-ға дейін: Алматы бірыңғай туристік кеңістік құруды жоспарлап отыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Шымбұлақ, Ой-Қарағай, Пионер, Қимасар және Бутаковкаға кіретін орталық аймақты дамыту жоспарымен танысты.

Француздық Stem International компаниясының бас директоры Винсент Тассар қысқы туризммен қатар жазғы инфрақұрылымды дамытуға — вело және жаяу жүргіншілер жолдарын қалыптастыруға, белсенді демалыс орындарын, глампинг, этно-қонақүйлер нысандарын салуға және экологиялық таза көлікті іске қосуға баса назар аударылғанын атап өтті.
— Алматы тау кластерінің орталық аймағы екі жетекші: Шымбұлақ және Oi-Qaragai курорттық аймақты қамтиды. Бұл екі курорт та жыл бойы жұмыс істейтін демалыс орны ретінде танылған. Жобаны іске асыру екі курортты аспалы жол, велосипед және жаяу жүргіншілер жолдары, сондай-ақ электр шаттлдары арқылы тікелей қосуға мүмкіндік береді. Бұл туристердің орташа болу ұзақтығы мен көбірек қаржы шығаруына ықпал ететін біртұтас туристік кеңістік жасайды. Жоба жыл бойына лайықталған. Одан бөлек, қыс мезгілінде болатын ұсыныс та барын атап өту маңызды,— деді ол.
Айтуынша, дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, ол үлкен экономикалық қайтарымдылығымен ерекшеленеді – бір адамға 334 доллар және өткізу мүмкіндігін бүгінгі 6 мыңнан болашақта күніне 24 мыңға дейін арттыру көзделген.
Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында мегаполистің тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді.