Шымбұлақтың арқан жолдары уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Шымбұлақ тау курортында қысқы сырғанау маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай, тау курортына баратын арқан жолдардың кейбірі жабық болады.

Шымбулак Медео канатная дорога Шымбұлақ Медеу аспалы жол
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Атап айтқанда, бүгіннен бастап 3 қарашаны қоса алғанда «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары жабық болады. Сондай-ақ, арқан жолдардың күзгі профилактикасы болатын өзге күндер:

— 21 қазаннан 3 қарашаны қоса алғанда «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы жабық болады;
— 21 қазаннан 3 қарашаны қоса алғанда «ККД-4» арқан жолы жабық болады.

21 қазаннан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен, таксимен немесе элекрокарлармен көтерілуге болады. «Медеу-Шымбұлақ» автожолы дүйсенбіден жексенбіге дейін 9:00–ден 13:00–ге дейін және 14:00–ден 18:00–ге дейін жабық.

Сондықтан автокөлікпен 9:00–ге дейін, 13:00–ден 14:00–ге дейінгі түскі үзілісте және 18:00–ден кейін өте аласыз. Туристтердің жаяу өтуіне шектеу жоқ, — деп хабарлады тау курортының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Шымбұлаққа биыл Оңтүстік Кореядан 15 мыңға жуық турист келетінін жазғанбыз.