Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қала прокуратурасының үйлестіруімен 11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы аумағында жасырын синтетикалық есірткі зертханасының қызметін әшкерледі.

зертхана
Фото: ҚР ҰҚК

Шымкент қаласының екі тұрғыны кезекті есірткі заттарын жасау сәтінде ұсталып, құрықталды.

Тінту кезінде 60 келіден астам психотроптық заттар, 2,5 тонна прекурсорлар және синтетикалық есірткіні жасауға арналған құрал жабдықтар тәркіленді.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуілге жатпайды.

Ғалымдар бал құрамындағы жасанды қоспаларды анықтады
Ұқсас жаңалықтар

Ғалымдар бал құрамындағы жасанды қоспаларды анықтады