15:45, 19 Маусым 2024 | GMT +5
Шымкент дендросаябағы басшылығына қатысты іс сотқа жіберілді
АСТАНА. KAZINFORM – Саябақта басшылық қызмет атқарған бірнеше тұлға бюджет қаражатын жымқырған.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Іс сотқа жолданды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Аталған лауазымды тұлғаларға саябақта еңбек етпеген жұмысшыларға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 14,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айып тағылып отыр.
Бұған дейін Петропавл қалалық тұрғын үй қызметінің басшысының тергеуге алынғаны туралы хабарлаған едік.