Шымкент хайуанаттар бағында қарақулар балапан басып шығарды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM —  Шымкент хайуанаттар бағының әкімшілігі қараққулар сүйкімді балапандарды басып шығарғанын хабарлады.  

Шымкент хайуанаттар бағында қарақулар балапан басып шығарды
Фото: Шымкент хайуанаттар бағы

Қалалық саябақ қызметкерлері 5 маусымда балапандардың жасы 4 айдан асқанын мәлімдеді.

Шымкент хайуанаттар бағында қарақулар балапан басып шығарды
Фото: Шымкент хайуанаттар бағы

— Осы уақытқа дейін оларды ерекше күтіммен бағып, ширап, жаңа ортаға жақсы бейімделіп алғанша көпшілікке көрсетпей келдік. Бүгінде балапандар өсіп, қанаттанып келеді. Су бетінде еркін жүзіп, айналасын қызықтап жүргендерін көрудің өзі бір ғанибет. Құстар да оларды бір сәтке қараусыз қалдырмайды, — деп атап өтті Шымкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі.

Шымкент хайуанаттар бағында қарақулар балапан басып шығарды
Фото: Шымкент хайуанаттар бағы

Қазір балапандар өздерін жақсы сезінеді және келушілердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр.

Айта кетелік Ертіс орманында сирек кездесетін тарғақ құсы көзге түскен еді