Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алынған.

Алматыдағы аурухана
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Шаһарда бүгінгі таңда екі ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнда жылу жүйелері, желдеткіштер толығымен ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Алматыдағы аурухана
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

№1 қалалық клиникалық ауруханасының ғимаратында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде аурухананың А, Б, Г және шаруашылық блогында жөндеу жұмыстары аяқталып, В блогында жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, мамандандырылған бөбектер үйі және №2, №13 қалалық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Алматыдағы аурухана
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Бюджеттік ұсыным берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №4, №9, №10, №11 емханаларына жаңа ғимарат салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.

Алматыдағы аурухана
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар