Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданына жаңа әкім тағайындалды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM –  Бұл қызметке Маратбек Мықтыбеков келді. Бұған дейін ол Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған.

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Маратбек Мықтыбеков 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмамдаса, кейіннен «Құқықтану» саласы бойынша білім алған.

Еңбек жолын білім беру саласында бастаған ол 2000-2003 жылдары аталған оқу орнында оқытушылық қызмет атқарды. Кейінгі жылдары жекеменшік секторда түрлі лауазымдарды атқарып, күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығын басқарды. Сонымен қатар, бокс және дзюдо федерацияларында кеңесші, атқарушы директор, бас қазынашы болып жұмыс істеді.

2022 жылдың сәуір айынан бастап «Спортты дамыту дирекциясы» мекемесін басқарды. Бұдан соң Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымын атқарды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазпоштаның жаңа басшысы тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар