Шымкент мектептерінде ас мәзірі заң талаптарына сәйкес болмағаны үшін айыппұл салынды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласы Енбекші ауданы прокуратурасы жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласының Білім басқармасына ас мәзірді заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы ұсыныс енгізген. Бұл туралы жергілікті прокуратура жазды. 

Прокуратура
Фото: Маскат Шагырбаев / Kazinform

Еңбекші ауданы прокуратурасының мәліметінше, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 32-бабына сәйкес прокурорлық қадағалау актілері мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қарауы және орындауы үшін міндетті. Алайда Басқарманың жауапты қызметкері прокурордың ұсынысын ескермегені анықталды.

«Осы жағдайға байланысты аудан прокуратурасы Басқарманың жауапты қызмекерін заң бұзушылықтарды жоюға әрекет жасап, шара қолданбағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 664-бабымен айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартты» - делінген хабарламада. 

Осылайша мектептерде ас мәзірі заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, 80 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалардың құқығы қорғалды.