Шымкент мектептеріне қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері берілмек

Шымкент қаласының бірқатар мектебіне қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері берілмек, деп хабарлайды Kazinform.

мектеп
Фото: gov.kz

Ашық НҚА порталында «Шымкент қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру және қайта атау туралы» Шымкент қаласы әкімінің қаулы жобасы жарияланды.

Құжатта Шымкент қалалық білім басқармасының «№ 28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Фариза Оңғарсынованың; «№ 80 ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ақселеу Сейдімбектің; «№ 90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың; «№ 3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілетіндігі айтылған.

Сондай-ақ «Х.Әлімжан атындағы № 85 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік «Тәуке хан атындағы № 85 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталмақ.