Шымкент прокуратурасының наразылығымен мемлекетке 263 млн теңге қаржы қайтарылды

қаржы
Фото: Kazinform

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Жоғарғы сот прокурордың мемлекетке 263 млн теңгеден астам ақшаны қайтару туралы кассациялық өтінішхатын қанағаттандырды.

Шымкент қаласының МАӘС шешімімен «Темір-Металл оптом» ЖШС-ның салықтық тексеру актісін және тексеру нәтижесі туралы хабарламаны жою туралы әкімшілік талабы қанағаттандырудан бас тартылған.

«Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу және уақтылы төлеу мәселесі бойынша ЖШС қатысты салықтық құжаттамалық тексеру тағайындаған. Тексеру қорытындысы бойынша хабарлама беріліп, оған сәйкес қосымша 263 млн теңге есептелген.

Департаменттің хабарламасы ЖШС ресми құжат айналымы арқылы сенімсіз жеткізушілермен мәмілелер бойынша шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылатындығына негізделген. ЖШС бұл сот шешімімен келіспей, апелляциялық сотқа шағым түсірген», деп жазды бақылаушы органнан.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарыла отырып, бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған.

Апелляциялық сатыдағы соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты қала прокуратурасы кассациялық өтінішхат енгізіп, мемлекеттің мүддесін қорғады.

Соңғы жаңалықтар
telegram