Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура арқылы 443 миллион теңге салықтан жалтарған

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкент тұрғыны жұмысын нақты орындамай әрі тиісті қызмет көрсетпей жалған шот-фактуралар жазып бере беру арқылы мемлекеттік бюджетке шығын келтіріп, салық төлеуден қашқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қаржылық мониторинг агенттігі
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактіні ҚМА аймақтық Департаменті тергеді. 

Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген, - делінген хабарламада. 


Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.


Соңғы жаңалықтар