Шымкент зообағына Мәскеу театрында өнер көрсеткен сусиыр жеткізілді
Шымкент зообағына Мәскеу театрында өнер көрсеткен сусиыр жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.
Зообақтың жаңа тұрғынының есімі – «Мушкетёр». Ол 1993 жылы туған. Содан Мәскеу қаласындағы Владимир Дуров атындағы жануарлар театрында өнер көрсеткен. Сусиырды зообақ мамандары арнайы тасымалдайтын көлік компаниясы арқылы Шымкентке жеткізді.
«Мушкетерді көргілеріңіз келсе, сусиыр павильонынан тамашалай аласыздар. Жақын арада сұлу қызымыз Глория мен Мушкетер бір-біріне үйренісіп, біздің зообаққа кішкентай ғажайып төлдерді сыйға тартады деген үміттеміз. Біздің зообақ көрермендерінің сүйікті жануарына айналады деген сеніміміз мол», - деп жазды зообақ мамандары желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram