Шымкент зообағында 3 абдан дүниеге келді
Жаңадан туған абдандардың есімдерін желі оқырмандары таңдайды, деп хабарлайды Kazinform.
Шымкент зообағындағы Симба мен Тану жұбында 3 абдан дүниеге келді. Оның екеуі аталық болса, біреуі аналық. Қазір абдандардың жағдайы қалыпты. Енді зообақ қызметкерлері күшіктерге лақап ат бермек. Оны Instagram желісіндегі оқырмандар ұсынған есімдердің ішінен таңдап алуды жөн санап отыр.
«Құрметті достар! Жаңа 2024 жылды жақсы, жағымды жаңалықпен бастағымыз келеді. Біз жаңа туған әр бір төл үшін қуанамыз. Анасы өз абдандарына ерекше мейірім көрсетіп, өсіріп келеді. Қазіргі таңда анасы мен абдандардың жағдайы жақсы. Енді кішкентай абдандарға лақап ат қоюымыз қажет. Ұсыныстарыңыз бен өз нұсқаларыңызды пікірлер бөліміне жаза кетіңіздер. Біздің қызметкерлер ең үздік, лақап атты таңдап алады» - деп жазылды зообақтың Instagram желісіндегі парақшасында.
Аталған жазбаға оқырмандар көптеген ұсыныстар айтып жатыр. Олардың арасында «Компот, Коржик, Карамелька», «Муфаса, Шрам, Тиара», «Мила, Аба, Дан», «Маршел, Райдер, Скай», «Пират, Леопольд, Ханна», «Амур, Арчи, Симона», «Копа, Киара, Кайона», «Тамаша, Мереке, Қуаныш», «Тиг, Лео, Лия» және тағы басқа да есімдер бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram