Шымкентте 100-ге келген ардагерге құрмет көрсетілді

соғыс ардагері
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөп орып, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілді.

соғыс ардагері
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы бастаған бір топ белсенділер, студент жастар, еріктілер ҰОС ардагері Нина Мосунованың шаңырағына бас сұқты. Жастар ауланы тазартып, ағаш түптерін қопсытты. Қоршауларды сырлады.

Нина Мосунова
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

Бүгінде Шымкентте екі-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі – Нина Мосунова. Қария биыл 100-ге келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Можайск маңындағы соғыста қолына пулемет алып жауға қарсы шыққан. Соғыстан соң кассир, кітапханашы, хатшы-машинистка болған. Қазіргі таңда 2 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.

соғыс ардагері
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы

– Бізге бейбіт өмір сыйлаған Екінші дүниежүзілік соғыстың және тыл ардагерлерінің ерлігін бағалау – біздің парызымыз. Біз – ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз. Ендігі парызымыз көзі тірісінде осы кісілерге барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау. Сізге Ұлы Жеңіс пен бүгінгі бейбіт күндеріміз үшін алғыс айтамыз, – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

тазалық
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

Нина әжей қала орталығындағы алақандай үйде немересінің қамқорлығында тұрып жатыр. Жиналған жастарға ризашылығын айтып, жылап қалды. Отан үшін отқа түсіп, қан майданда жеткен жеңісі, бүгінгі бейбіт өмір үшін бас иіп, алғыс білдірді. «Енді соғыс деген зұлматты жастар көрмесін. Елімізде тек бейбітшілік болсын!» деді қарт ана.

тазалық
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы
Шымкент
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар