Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — 10 тамыз күні Абай күніне орай Шымкент қаласында ауқымды музыкалық шеру өтті, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады
Фото: Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы

Шартарапты әуенге бөлеген бұл мәдени бастама аясында 100-ге жуық өнерпаз қаланың басты орындарында ұлы ақынның мәңгілік мұрасын паш етті.

Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады
Фото: Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы

Жергілікті өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Хәкім Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сынды әндерін әуелете шырқап көпшілікті тәнті етті. 

Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады
Фото: Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы

Өнерпаздар Әуежай, «Дала мол», Теміржол вокзалы, «Жапон» саябағы, «Плаза», «Сити мол» сауда орталықтарын аралап, әуезді әндерін қалықтатты. Жанды дауыстағы орындаулар қаланың әрбір бұрышын ұлттық өнердің рухына бөледі.

Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады
Фото: Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы

Жас пен кәріні баурап алған музыкалық шеру ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудың және ұлы Абайдың асыл сөзін дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады
Фото: Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы