Шымкентте 103 байланыс нөмірі 1 сағатқа жұмысын тоқтатады
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM- Жедел жәрдем қызметі байланыс үшін бірнеше телефон номерін ұсынды.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ертең 103 байланыс номері бір сағатқа қолжетімсіз болады. Техникалық жөндеу жұмыстарына орай 20.02.2025 қараған түні сағат 04:00-05:00 аралығында жедел жәрдемге қоңырау шалуда қиындықтар туындауы мүмкін.
- Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерге жедел жәрдемге кедергісіз хабарласу үшін осы 1 сағат аралығында мына телефондарды ұсынамыз:
8-707-124-18-48
8-701-100-84-94
8-775-865-51-03
8-707-416-49-96
8-747-486-93-38
8-707-729-40-28
8-708-967-07-95
8-778-120-34-85
8-705-857-67-28
8-778-604-92-54
Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз, - делінген басқарма тарапынан таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, бүгін шымкенттіктер сәбиге қандай есімдерді көп қоятынын жазған болатынбыз.