Шымкентте 13 жасар жасөспірім даяшы болып жұмыс істеп жүріп көз жұмды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкенттегі тойханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген 13 жастағы бала көз жұмды.

Шымкентте 13 жасар жасөспірім даяшы болып жұмыс істеп жүріп көз жұмды
Фото: Pexels

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.

— Жасөспірімнің өлімі жүректің бірден тоқтауына байланысты болған. Сонымен қатар тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Бұған дейін Шымкентте кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын бұзудың 8 фактісі анықталғанын жазған едік. 

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың еңбек етуіне қойылатын талаптар туралы хабарланды.