Шымкентте 15 кәсіпкердің шоты заңсыз бұғатталған

Шымкентте 15 кәсіпкердің шоттары заңсыз бұғатталған
Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының жүргізген камералдық бақылау нәтижесі бойынша15 кәсіпкерлік субъектісінің шоты бұғатталғаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сәйкесінше, кәсіпкерлердің қызметі тоқтады.

Прокуратура іс-әрекеттерді негізсіз деп таныды және қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде салық органының шешімінің күші жойылды. Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және басқа да кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен (лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуы) әкімшілік жауапқа тартылды.

Прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойып, олар өз қызметіне кірісті.

Соңғы жаңалықтар