Шымкентте 18 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Шымкентте экологиялық рейд кезінде заңсыз қоқыс үйінділері анықталды, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанада 80-нен астам стихиялық қоқыс үйіндісі жойылды
Фото: Астана әкімдігі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ағымдағы жылдың наурыз–сәуір айларында Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің мамандары аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп қала аумағында мониторингтік тексеру жұмыстарын жүргізді.

Шымкентте 18 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды
Фото: gov.kz

— Мониторинг нәтижесінде қалдықтарды заңсыз орналастырудың 18 ошағы анықталды. Аталған мәселе жедел бақылауға алынып, аудан әкімдіктері тарапынан қажетті санитарлық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде анықталған барлық заңсыз қоқыс үйінділері толықтай жойылып, аумақтар тазартылып, тиісті санитарлық жағдайға келтірілді, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Шымкентте 18 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды
Фото: gov.kz

Ведомство атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың санитарлық мәдениетін арттыруға және қалдықтарды заңсыз орналастыру фактілерінің қайта орын алуына жол бермеуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстанда жыл басынан бері 884 заңсыз қоқыс полигоны анықталғанын жазғанбыз.