Шымкентте +26, Астанада жаңбыр: 8 қарашада ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, еліміздің ірі қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Астанада жаңбыр жауып, күн салқындаса, Алматы мен Шымкентте салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады. Ал Қарағандыда күн бұлтты болады.

Шымкентте +26, Астанада жаңбыр: 8 қарашада ауа райы қандай болады
Фото: Kazinform

Астанада ауа температурасы күндіз +9 градусқа дейін көтеріліп, түнде +6 градус шамасында болады. Синоптиктердің болжамынша, түстен кейін жаңбыр жауып, кешкі уақытта да жауын-шашын жалғасуы мүмкін.

Алматыда күн күңгірт болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін жетсе, түнде +10 градус шамасында болады.

Шымкентте бүгін еліміздегі ең жылы ауа райы болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +26 градусқа дейін көтеріліп, түнде +14 градус болады. Аспанды жоғары бұлттар торлағанымен, жауын-шашын күтілмейді.

Қарағандыда күн негізінен бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +13 градусқа дейін көтерілсе, түнде +10 градус шамасында сақталады. Күндіз жауын-шашын ықтималдығы төмен, алайда түнде жаңбыр жаууы мүмкін.

Жалпы, бүгін ең жылы ауа райы Шымкентте, ал ең жоғары жауын-шашын ықтималдығы Астанада. Тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты күнделікті жоспарын алдын ала ескеріп, тиісті сақтық шараларын ұстанған жөн.

Еске салсақ, 8 қарашада елдің 17 облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында ауа райына байланысты ескерту жариялалаған еді. Синоптиктер жауын-шашын, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және жоғары өрт қаупі болатынын болжайды.