Шымкентте 600-ден астам науқасқа жаңа бүйрек керек

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкенттік дәрігерлер гемодиализге тәуелді науқастарға тіліксіз ота жасады.

аурухана
Фото: Pexels

Қалалық № 2 ауруханада гемодиализ қабылдайтын 6 науқасқа бірегей операция жасалды.

«Артериовенозды фистуланың эндоваскулярлы реканализациясы» деп аталатын ота қалада алғаш рет жасалды.

Эндоваскулярлы әдісті жергілікті дәрігерлер Ресейден келген әріптестерімен тәжірибе алмасу барысында меңгерген.

Қазір хирургиялық көмек көрсетілген 6 пациенттің жағдайы жақсы.

«Бүгінде қалада бүйрек ауыстыруды қажет ететін 600-ден астам науқас бар. Олардың өмірі „жасанды бүйрек“ аппаратына тәуелді. Мұндай ота алдағы уақытта денсаулық көрсеткішісіне сәйкес тіркеуде тұрған науқастарға жасалады. Себебі, тіліксіз жасалатын ота созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастарда оң нәтиже беріп отыр» делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар