Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — «10 тамыз — Абай күні» аясында Шымсити паркінде «Адамзаттың перзенті — Ұлы Абай» атты концерттік кеш өтті. 

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Шымкент қаласының өнер ұжымдары мен танымал орындаушылары қала тұрғындары мен қонақтарына Абайдың халық сүйіп тыңдайтын музыкалық туындыларын шырқап, арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынды.

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Іс-шараның мақсаты — хакімнің шығармашылығын кеңінен насихаттау, көркем әдебиетті, поэзияны, әндерін сүйіп тыңдайтын қала тұрғындарының рухани танымын кеңейту, театр құндылықтарын көрсете отырып көрермендер қатарын арттыру.

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Кеш барысында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан әндер орындалды.

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Атап айтқанда, Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы қазақ дарама театрының әртістері «Абай ауылы» прологын көркем түрде көрсетіп, «Шымкент концерт» концерттік ұйымы және Шымкент қалалық опера және балет театрының әншілерінің орындауында Л.Хамиди, А.Жұбановтың «Абай» операсынан «Тойбастар», Хор әртістерінің орындауында «Қарлығаш» және Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» т. б. әндері шырқалды.

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Іс-шарада қала тұрғындар мен қонақтары хакімнің қара сөздері мен поэзиясынан қуат алып, керемет әсерге бөленді. 

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы
Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы
Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Абай мұрасы — өшпес қазына. Бүгін шаһарда ұлы ақын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының бай рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіліп, мереке кең көлемде аталып өтті.