Шымкентте аспаздар палау дайындаудан сайысқа түсті

Шымкентте аспаздар 40 түрлі палау дайындады, деп хабарлайды Kazinform. 

Шымкентте
Фото: Серік Қосаев

Шымкентте «Достық дастарханы – Шымкент палауы» халықаралық фестивалі өтті. Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығы мен Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігі бірлесе ұйымдастырған іс-шараға 40 астам аспаз қатысты. 

Шымкент
Фото: Серік Қосаев

Фестивальге көршілес Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысының аспаздары келіп, палаудың түр-түрін дайындап, жиналған көпшілікке ұсынды. «Мейірім» қоғамдық қоры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасыларға 100 келі палау таратты.

Қазылар алқасының шешімімен ас мәзірін дайындауда үздік деп танылған аспаздар арнайы жүлдеге ие болды. 

Шымкент
Фото: Серік Қосаев

Айта кету керек, бұл фестиваль 2010 жылдан бері «Достық дастарханы», «Қазақстан палауы» сияқты тақырыптарда өткізіліп келді. Іс-шара 2022 жылдан бастап «Шымкент палауы» деген атаумен ұйымдастырылып келеді.

Шымкент
Фото: Серік Қосаев
Шымкент
Фото: Серік Қосаев