Шымкентте әуежай маңындағы үйлер бұзылмайтын болды

Шымкент әуежайының маңындағы баспаналар бұзылмайтын болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

әуежай
Фото: Wikipedia

Шымкент қаласындағы әуежайдың санитарлық қорғау аймағында орналасқан нысандарға қатысты шешімі өзгерді.

Тиісті құқықтық-нормативтік актілер бойынша әуежайдың санитарлық қорғау аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықты алып жатуы тиіс.

Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді.

Сонымен қатар, аталған аймақтағы 307 жер телімінде тұрғын үйлер орналасқан.

Аталған мәселені шешу үшін 307 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтарып алу жөнінде қаулы қабылданған болатын.

«Бағалау жұмысы бұл мақсатқа 30 млрд теңге қажет екенін көрсетті. Яғни, мемлекет мұқтажына қайтарып алудың қала бюджетіне салмақ түсіретіні белгілі болды. Шымкент әуежайына санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтықтан жаңа ұшу-қону жолағын салу жөнінде шешім қабылданды. Осыған орай жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін „Qazaq City Stroy“ ЖШС-мен меморандум түзілді. Әуежайдағы жаңа ұшу-қону жолағының ұзындығы — 3 300 метр, ал ені — 45 метр болады. Нәтижесінде халықтың баспанасы бұзылмайды. Мемлекет қаржысы да үнемделіп, әуежайда заманауи ұшып-қону жолағы салынады» делінген Шымкент қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар