Шымкентте автогаз тапшылығы: Энергетика министрлігі 1008 тонна қосымша қор бөлді
АСТАНА.KAZINFORM - Шымкент тұрғындары жанармай құю бекеттеріндегі кезек пен сұйытылған мұнай газының тапшылығына шағымданды. Энергетика министрлігі жеткізу жоспар бойынша жүріп жатқанына және аймаққа қосымша газ бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Kazinform-ның ресми сұрауына жауап ретінде Энергетика министрлігі Шымкенттегі сұйытылған мұнай газына қатысты жағдайды түсіндірді.
- Қалаға сұйытылған мұнай газын (СМГ) жеткізу жоспар бойынша жүріп жатыр. Сонымен қатар 23 қазанда министрлік тұтынушыларды тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін қосымша 1008 тонна бөлді. Аймақта автогазбен қамтамасыз ету жағдайы үнемі бақылауда, - деп атап өтті министрлік.
Бұған дейін Шымкенттегі автокөлік иелері жанармай құю бекеттеріндегі сұйытылған мұнай газының тапшылығына шағымданып жатқаны хабарланған болатын.
Жүргізушілер көбінесе жанармай құю үшін ұзақ кезек күтуге, ал кейбір жанармай құю бекеттеріне алдын ала жазылуға мәжбүр. Таңертең және кешкі уақытта бекеттерде көлік көп болады.