Шымкентте бір күн ішінде 270-ке жуық қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Шымкент
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Елімізде «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шымкентте бір күн ішінде жол қозғалысы қағидаларын бұзған 268 қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде рульде отырып ұялы телефон пайдаланған 45, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған 18, маневр жасау қағидаларын бұзған 22 және автобусты техникалық байқаудан өткізбеген 20 жүргізушіге хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, бір көлік құралы айып тұраққа қойылып, автобус парктерінің 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.

«Тәртіп сақшылары тасымалдаушы көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар