Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И.Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М.Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Жамбыл облысында әкімдік қызметкері сотталды
Фото: gov.kz

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар