13:52, 22 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Шымкентте ер адамды пойыз басып кетіп, қайтыс болды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте шамамен 30-35 жастағы ер адам пойыз астында қалып мерт болды.
Оtyrar.kz-тің жазуынша, оқиға 21 қыркүйек сағат 22.00-лер шамасында Исмайлов (бұрынғы Громов)-Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған.
«Шұғыл шақырылым» тілшісінің хабарлауынша, жарақаттың ауыр болғаны соншалық, ер кісі оқиға орнында көз жұмған.
Ер адамның суицид жасағаны немесе белгіленбеген орында теміржолды кесіп өтпек болғаны әзірге нақты белгісіз. Оны полиция анықтайтын болады.