Шымкентте газ құбыры өртеніп, жалын тұрғын үйлерге тарай жаздады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте құтқарушылар газ құбырында шыққан өртті сөндіріп, жалынның жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

р
Фото: Видеодан алынған скрин

Бүгін «112» пультіне қаланың Еңбекші ауданындағы Қаратөбе тас жолында орналасқан газ құбырында газ тұтанғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде жүк көлігі мен бұрғылау жабдығы ашық жалынмен жанып жатқан.

– Газ қызметі вентильді жауып, газ беруді тоқтатты. ТЖМ бөлімшелері газ құбырын салқындатып, өртті сөндірді және жалынның жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді, – делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне дереу хабарласу қажеттігін еске салды.

Айта кетейік, Алматыда кабельдік шахтадағы өртке байланысты жедел штаб құрылды.