19:07, 26 Қыркүйек 2023 | GMT +6
Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталығының шатыры өртенді

Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталығының шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ғимараттың 65 шаршы метр шатыры жанып кетті. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД қарасты Өрт сөндіру қызметінің 74 қызметкері, 17 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
«Өрт сағат 17:56-да оқшауланып, сағат 18:02-де толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрт электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шыққан»-делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.