Шымкентте ит-мысықтан құтырма анықталған

ит-мысық
Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласының әкімдігі бірнеше көшеге құтырма ауруына байланысты шектеу енгізді.

«1. Шектеу іс-шаралары: 

1) Шымкент қаласы Тұран ауданы А. Байтұрсынов көшесі № 85Б үй аумағына мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты;

2) Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы М. Мәметова көшесі бойына аламаннан құтыру ауруы анықталуына байланысты;

3) Шымкент қаласы Тұран ауданы М. Серсенбаев көшесі бойына иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты белгіленсін», - деп жазылған әкімдік қаулысының жобасында.

Бұған дейін Түркістан облысында төрт түліктен құтырма ауруы табылып, карантин жарияланғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар