Шымкентте кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 34,2 пайызға өсті

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 152-ден 204-ке өсіп отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Бақытжан Байғозиев мәлімдеді.

қылмыс
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінікі

Жыл басынан бері мобильдік топтар 500-ден астам түнгі рейдтер жүргізген. Нәтижесінде 5 мыңнан астам кәмелетке толмаған жас анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылды. Ал, 600-ден астам бала бейімдеу орталығына орналастырылды. 

— Биылғы жылдың 11 айында кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстар 2,7 пайызға төмендеген. Дегенмен, кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 34,2 пайызға өсіп отыр. Бұл ұрып соғу, ұрлық, жол жүрісі қағидаларын бұзуы қылмыстарын жасау фактілерінің өсуімен тікелей байланысты. Кәмелет жасқа толмағандар және оларға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша қала прокурорының өкімімен 71 мобильдік топ құрылды. Олар тұрақты түрде апта сайын түнгі рейдтік іс-шараларды жүргізуде, — деді Бақытжан Байғозиев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, 52 жастағы әйел қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар