Шымкентте кәсіпкер үшін жол таңбасы өзгертіліп, жүк тасымалы жеңілдетілді
ШЫМКЕНТ.KAZINFORM - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы инвестор кең қолданыстағы балмұздақ, жайма өнімдерін шығарушы «Ленгер Групп» ЖШС-ның жүк тасымалын оңтайландырды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.
Атап айтқанда, «Ленгер Групп» ЖШС-нің Шымкент қаласындағы өндірістік қоймасы орналасқан Б.Саттарханов көшесіндегі жол бойындағы тұтас жолақ қоймадан өнімдерді тасуға арналған жүк көліктеріне қолайсыздықтар тудырған.
Кәсіпкердің аталған мәселе бойынша уәкілетті органдарға келтірген шағымдары нәтижесіз қалған.
- Аудан прокуратурасының ықпал етуімен инвесторда туындаған мәселені шешу мақсатында тиісті органға хат жолданып, қоймаға кіретін көше бойындағы тұтас сызық үзік сызық жол таңбасына ауыстырылды. Осылайша жүк тасымалына қолайлы жағдай жасалды,-делінген хабарламада.
Прокуратура органы тосқауылдарға тап болған инвесторлар мен кәсіпкерлерді +77076150010 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
Осыған деін хабарлағанымыздай, Абай облысында прокуратураның ықпалымен 12 млрд теңгелік жобаның мәселесі шешілді.