Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

АСТАНА.KAZINFORM — Полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды.

— Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан «тексеру ұйымдастырып», бизнесін жаптырамын деп қорқытқан. Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Полиция ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес екенін ескертеді. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет.

Бұған дейін қызылордалық кәсіпкерлер 252,2 млн теңге грант қаржысын оңды-солды шашқаны анықталды.

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады
Ұқсас жаңалықтар

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады