Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы пайдалануға берілді

ШЫМКЕНТ.KAZINFORM - Шымкенттің Абай ауданында көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған жаңа жол учаскесі пайдалануға берілді. Қазиев көшесінің Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі жалғасы бойынша құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы пайдалануға берілді
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

Жоба Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 2025 жылдың ақпан айында қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Корпорация Береке А» ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалған.

Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы пайдалануға берілді
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

Жоба аясында төрт жолақты автомобиль жолы салынып, жол жиегіне ирригациялық жүйе орнатылды. Сонымен қатар қажетті жол инфрақұрылымы жасалып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы пайдалануға берілді
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы

Жаңа жолдың іске қосылуы қаланың солтүстік бағытына шығатын көлік ағынын реттеп, кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол Бәйдібек би даңғылына балама бағыт қалыптастырады.

Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы пайдалануға берілді
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

Жолдың ашылуы Ақжайық және Шымсити шағын аудандарының тұрғындары үшін де маңызды. Жаңа көлік дәлізі аталған аумақтардан қала орталығына қатынауды жеңілдетіп, тұрғындардың жол жүру уақытын қысқартуға және көлік қозғалысының қолайлылығын арттыруға ықпал етеді.

Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы пайдалануға берілді
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

Осылайша, Қазиев көшесінің жалғасы Шымкенттің көлік инфрақұрылымын дамытуға және қаладағы жол қозғалысын оңтайландыруға бағытталған маңызды жобалардың біріне айналды.

Шымкентте Қазиев көшесінің жалғасы пайдалануға берілді
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы