Шымкентте қызметкерлердің жалақысын төлемеген кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте қызметкерлердің жалақысын төлемегені үшін кәсіпорын басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

шымкент
Фото: Kazinform

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдегендей, «Спорт ғимараттары дирекциясы» 203 қызметкердің еңбекақысын төлемеген. Оған айыппұл салынды.

«Шымкент қаласы прокуратурасының талдауымен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорт ғимараттары дирекциясы» МКҚК-ның 203 қызметкердің алдында 24 млн теңге сомасында жалақы бойынша қарызы анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмыскерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, кәсіпорын басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оған 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.