Шымкентте көші-қон заңдылығын бұзған 80 азамат ел аумағынан шығарылды
Шымкентте көші-қон заңдылығын бұзған 80 азамат ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.
Шымкентте Қазақстан Республикасына келу, болу және кету ережелерін бұзған 650 шетелдік пен Қазақстан азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар полиция департаментінің қабылдап-тарату орталығына жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 282 адам орналастырылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 460 шетелдікке әкімшілік кодекстің 517-бабымен хаттама толтырылды.
Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 126 шымкенттік әкімшілік кодекстің 518-бабымен және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 64 жергілікті тұрғын 519-бабымен жауапкершілікке тартылды.
«Көші-қон басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс шарасын қорытындылады. Нәтижесінде көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 80 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.