Шымкентте құтыру ауруына байланысты бірқатар көшеге шектеу енгізіледі

Шымкент
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында Шымкент қаласы әкімі қаулысының жобасы жарияланды. Аталған құжатта қалада құтыру ауруының анықталуына байланысты бірқатар көшеге шектеу енгізілетіндігі айтылған.

«Тұран ауданы А.Байтұрсынов көшесі № 85Б үйден мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты А.Байтұрсынов көшесі № 85Б үй аумағына, Абай ауданы М.Мәметова көшесі № 143/3 үйден аламаннан құтыру ауруы анықталуына байланысты М.Ммметова көшесіне; Тұран ауданы М.Серсенбаев көшесі № 24 үйден иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты М.Сарсенбаев көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген қаулы жобасында.

Соңғы жаңалықтар