Шымкентте күйеуін пышақтап өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Қазір полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

а
Фото: Kazinform/ЖИ

Қайғылы оқиға «Самал-3» шағынауданында болған. Ерлі-зайыптылар осы шағынаудандағы пәтерлердің бірін жалдап тұрған. Алдын ала мәлімет бойынша, 24 қыркүйекте ер адам мен әйел арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал туындап, нәтижесінде ер адам пышақ жарақатын алған.

— Аталған жайт бойынша әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Полиция өзге ақпараттың ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Шымкентте әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам ұсталғанын жазған едік.