Шымкентте лазерлік шоу көрсетілді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Бүгін Шымкенттің орталық алаңы мереке патшалығына айналды. Жаңа жыл қарсаңында қала әкімдігі ұйымдастырған «OPEN AIR SHYMKENT FEST – 2024» фестивалі қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз сый болды.

Уникальное лазерное шоу впервые в Казахстане показали в Шымкенте
Фото: Шымкент әкімдігі

Мереке түс қайта жәрмеңкемен басталды. Онда қала тұрғындары мен қонақтары шығармашылық сала өкілдерінің үздік туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, алаңда көліктер көрмесі өтті.

Уникальное лазерное шоу впервые в Казахстане показали в Шымкенте
Фото: Шымкент әкімдігі

Кешкісін көрсетілген лазерлік шоу көпшілікті таңқалдырды. Әкімдік ғимаратының қасбетінде билеген сәулелер қаланың жетістіктері мен тарихынан сыр шертті. Мұндай шараны оңтүстік мегаполис елімізде бірінші болып өткізіп отыр.

Кештің ең басты оқиғасы – бас шырша шамдарының жануы болды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Астана» алаңында қала тұрғындарымен бірге басты шыршаның шамын жағу рәсіміне қатысты. Мерекелік концерт барысында 50 Аяз ата мен 50 Ақшақардың костюмдік шеруі өтті.

Уникальное лазерное шоу впервые в Казахстане показали в Шымкенте
Фото: Шымкент әкімдігі

Арнайы безендірілген Coca-Cola жаңа жылдық кортежі қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, көпшілікке қысқы ертегідегі мерекелік көңіл күй сыйлады.

Іс-шара қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертке ұласып, соңы отшашумен аяқталды.

Биыл қалада мерекелік безендіру жұмыстары аясында жаңажылдық шыршалар Шымкенттің бес ауданындағы бірнеше орынға қойылды.

Уникальное лазерное шоу впервые в Казахстане показали в Шымкенте
Фото: Шымкент әкімдігі

Атап айтар болсақ, Тұран ауданында – Абай саябағында. Әл-Фараби ауданында – «Әл-Фараби» алаңында. Еңбекші ауданында – «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында. Абай ауданында – «Асар» шағынауданындағы аллеяда, сондай-ақ әуежай аумағында орнатылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздағанын жазған болатынбыз.

Уникальное лазерное шоу впервые в Казахстане показали в Шымкенте
Фото: Шымкент әкімдігі