Шымкентте мас болып ұсталып, куәлігінен айырылған жүргізуші айыптұрақтағы көлігін ала қашты

көлік
Фото: видеодан алынған кадр

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Полиция қызметкерлері жүргізушіні мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұстаған.

Айыптұрақтан көлікті алып қашқан жүргізушінің әрекеті видеоға түсіп қалған.

Көлікке мінген ол бірден қақпадан шығып, жоғары жылдамдықпен зымыраған. Күзетші есікті жауып үлгермей қалған. 

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Ер адам сот санкциясымен қамауда отыр. 

«Полиция қызметкерлері жүргізушіні мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұстаған. Сондай-ақ, құқықбұзушының 2025 жылдың қарашасына дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Көлікті уақытша ұстау изоляторына қою кезінде ер адам жауапкершіліктен жалтару үшін қашып кетпек болған. Бірақ полицейлер дереу қолға түсірді» делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар